29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Ғұсылы жоқ адам жұма намазына таяммум соғып бара ала ма?

Жұма күні жүніп болып қалсам, бірақ, сол күні ғұсыл алуға мүмкіндік болмаса, таяммум соғып мешітке жұма намазына баруға бола ма?

Жұма намазын далада оқығанда аяқ киімді шешпей оқыса бола ма?

Жұма намазын немесе айт намаздарын далада оқыған кезде аяқ киімді шешпей оқи беруге болады. Оған дінімізде рұқсат етілген.

Жаттау қабілетімді арттыру үшін қандай намаз, дұға оқысам болады?

Имам Тирмизидің хадис кітабында орын алған бір әлсіз хадистегі мәліметке сүйенсек (кей хадис ғалымдары бұл хадисті «жалған хадистер» қатарынан санаған), есте сақтау қабілетін жақсарту үшін Жұма түнінің ақырғы бөлігінде төрт рәкәғат намаз оқу керек екен. Дәлірек айтқанда: бейсенбіден жұмаға қараған түні.

Құныт дұғасын оқитын кезде екі қолды көтереміз, соған дәлел бар ма?

Үтір намазында екі рет қол көтеріледі. Бірі – намазды бастағанда, екіншісі – құныт дұғасын оқитын кезде.

Намаз соңында тартылатын тәспінің әсері жоқ жүрегіме, не істеймін?

Намаз соңында «сұбханаллаһ», «алхамдулиллаһ», «Аллаһу әкбар» деп тәспі (тасбих) тартқанда жүрегім әсерленсін, рахаттанайын деп емес, ең алдымен сауапқа кенелемін деп тартамыз.

Намаз оқымай жұмаққа кіретін мұсылмандар бар ма?

Намаз оқымай жұмаққа кіретін мұсылмандар бар. Олар кәпір болып жүріп, соңғы сәтінде ақиқатты түсініп, ақтық демінде тілін кәлимаға келтіріп, шын ниетімен мұсылман болып өлгендер.

Намазда ықылық тисе, намаз бұзыла ма?

Намазда еріксіз жөтелсе, түшкірсе, еріксіз кекіріп қойса немесе еріксіз есінесе, намаз бұзылмайды делінген[1].