29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Жұмысы ауыр кісіге ораза ұстамауға бола ма?

Ауыр жұмыс істейтіндер ораза ұстамаса бола ма? Мысалы, рамазан айы жаздың ыстығына дөп келсе, күннің астында жұмыс істейтін кісілердің ораза ұстамауына бола ма?

Ауыз бекіткен жанды Алланың өзі сақтайды

Өмірімде ең алғаш рамазан оразасын ұстаған кезім. Қызылорданың аптап ыстығында шіліңгір шілденің аяғына, тамылжыған тамыздың ортасына сәйкес келді, ол кезде ауылда едім. Оразамын деп құр аяқ-қолымды созып жатып алсам ұят деп, қара жұмысқа араласып жүрмін.

Рамазан оразасының үкімі қандай?

Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Рамазан оразасын мойындамаған мұсылман діннен шығады. Ал егер оның парыз екендігін мойындап, бірақ жалқаулықпен орындамаған болса, діннен шықпайды, бірақ күнәһар саналады. Оразаның парыздығына Құран мен хадистерде нақты дәлелдер бар.

Ораза кезінде укол, система салдыруға рұқсат па?

Негізінде, шариғат бойынша табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірген нәрсе оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірсе ораза бұзылмайды.

Рамазан айында шайтандар кісендеулі болса, адамдар неге күнә жасайды?

Рамазан айында шайтан атаулының бәрі дерлігі кісенделмей, тек «мәрәдату шаятин», яғни, жауыз, бір беткей залымдары ғана кісенделеді.

Бақилық туысымның орнына ораза ұстасам бола ма?

Қайтыс болған кісінің орнына ораза ұстауға болмайды. Ұстаған оразаңыз мархұмның тірі кезінде ұстамай кеткен оразасының орнын толтырмайды.