29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Адамның рухани дүниесіне халал тағамдардың тигізер әсері

Халал тағамдардың адамның рухани дүниесіне тигізер әсері мол. Мұсылманды дүниенің ең таза, адал адамы еткен нәрсе де шариғаттың бұйрық-ережелеріне сай өмір сүруі, халал азықпен қоректеніп, дұрыс жолмен дүние мүлкін табуы.

Ұялы телефон әдептері

Ислам- ғылым мен өркениетке шақыратын дін. Ғылым дамыған сайын адамзат исламның құндылықтарын да ұғына түседі. Қазіргі кездің ғылыми жетістіктерінің бірі ретінде күнделікті пайдаланып жүрген ұялы телефондарымызды айтсақ болады.

«Араларыңдағы ең жақсы және ең жаман адамдар»

Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шынайы мүмінді «Жұрт малдарын да, жандарын да сеніп тапсыра алатын адал жан» деп түсіндірген.

Суды үш рет бөліп, демалып ішудің маңызы

Әнас бин Малик (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) суды үш рет бөліп ішіп: Бұл – шөлді ең жақсы қандыратын, денсаулыққа ең пайдалысы және ең дәмдісі»,(Муслим) – делінген.

Қаза болған кісі жүніп күйінде өлсе, ақыретке имансыз кеткені ме?

Терминологияда жүніптік дегеніміз жыныстық қатынас немесе бойдағы шәһуат сезімінің нәтижесінде мәнидің сыртқа шығуына байланысты кісінің кейбір құлшылықтарды орындай алмайтын жағдайдағы үкімдік тұрғыдан ластық жағдайын айтады.

Қиямет белгілерінің хадистерде айтылуы

Қиямет-қайым мен қияметтің белгілері жайында аяттарда айтылған жайттар хадистерде де келтіріліп, тереңірек түсіндірілген. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қиямет-қайым орнайтынын, қияметтің белгілері мен оның жақын қалғандығын айтқан, өзінің қияметтің алдында келген соңғы пайғамбар екеніне баса назар аударған.

Көлік жүргізуде көркем мінезділік таныту

Көлікті адам мінезіне қарай жүргізеді. Ұшқалақ, сабырсыз адамдар көлік жүргізуде де дәл солай болады. Өзге жүргізушілердің кішкене қателігінің өзін көтере алмай, ұнамсыз сөздерді айтып, ұрсысып жатады. Сондықтан бұл кезде жүргізушіге сабырлылық, кешірімділік деген сипаттар аса қажет.

Жаман түс көрген жағдайда не істеу керек?

Хадисте: «Сендер жағымды түс көрсеңдер, ол Алла Тағаладан. Алла Тағалаға шүкіршілік айтып, көрген түстеріңді әңгімелеп беріңдер. Ал, ұнамайтын түс көрсеңдер, ол шайтаннан, көргеннің жамандығынан сақта деп Алла Тағалаға жалбарыныңдар. Жаман түсті ешкімге айтпаңдар, өйткені сендерге оның ешбір зияны тимейді», - деп айтылған ( Жамиъ усул ли ахадис расул, руиа уа амсал, 305-бет).

Құран Кәрімдегі мүтәшабиһ аяттар

Қасиетті Құран – тілдік және мазмұндық сәйкестігі ғажап, адам баласына өмірдің мәні мен жаратылу мақсатын баяндайтын сырлы кітап. Бұл кітаптың мазмұны мен тілдік мағынасы жағынан аяттары мүхкам (мағынасы да, үкімі де анық) және мүтәшабиһ (кейбір аяттарда Алла Тағалаға қатысты айтылған тура мағынасы белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән іс-әрекеттерді білдіретін сөздері бар) болып бөлінеді.