Көңіл әлемі де дәл сыртқы әлемдер сияқты ұшықиыры жоқ тәфәккур алаңы. Мәуләнә Хазіреттің мына қиссасы мұрақабәның, яғни жан дүние туралы тәфәккурдің маңызын қандай жақсы баяндайды:
Ислам тарихы
«Ғибрат алынатын нәрсе көп, ғибрат алатын адам аз»
«Адам тәфәкуур иесі болса әр нәрседен ғибрат алады» (Имам Ғазали, Иһя, VI, 45).
Алла Тағалаға серік қосудан сақтану дұғасы
Алла Тағалаға серік қосудан сақтану дұғасы:
Жәннаттың иісінен махрұм қалдыратын ілім
Хазіреті Әбу Һурайра (Алла одан разы болсын) Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді:
Сахабалар бұл мәртебеге 9 жайтқа көңіл бөлумен жеткен
Шүбәсіз сахабалар бұл мәртебеге Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ерекше тәрбиесінің арқасында және қызмет турасындағы мына тоғыз жәйтқа көңіл бөлу арқылы жеткен:
Садақадағы ықылас және рия қандай?
Ықылас бұл – барлық істерді Алла Тағаланың разылығы үшін атқару және басқа ешкімнің разылығын күтпеу.
Екі қолдың шүкірі – екеуіне тиесілі болғанды ғана алу
Әбу Хазимге (Алла оны рахымына алсын) бірде былай деп сұрақ қойылады:
Жәннат уәде етілген дұға
Шәддәд ибн Әустен (Алла одан разы болсын) жеткен хадисте төмендегі дұғаны «Дұғалардың мырзасы» дей келе, оның қасиеті жайлы баяндап:
Алла Тағалаға құпия серік қосу деген не?
Ол – рия. - Рия - жасаған істеріңді басқаларға (мақтанып, адамдар көрсін деген ниетте ғана) көрсету үшін жасау;
- Рия ықыластың қарама-қарсысы;
- Ол кіші ширкке кіреді;
- Рия үлкен күнә болады, әрі басқа ізгі істердің сауаптарын жойып кетеді;
- Алла рия үшін болған істі қабыл етпейді;
- Рия деген – ақыреттің орасан зор пәлекеті;
Мына бір хадис шәрифте риякерлікке әбден еті үйренген пенделердің есеп алынарда басына келер аянышты халін кеңінен баяндап береді: Хазіреті Әбу Һурайра (Алла одан разы болсын) Пайғамбарымыздан (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай естігенін жеткізеді: «Қиямет күні үкім шығарылатын адамдардың ең біріншісі – шейіт болып өлген адам (есепхисап алаңына) әкелінеді. Алла Тағала оған (фәни жалғанда) берген игіліктерін мен нығметтерін есіне салады. Ол да оны мойындайды. Сөйтіп Хақ Тағала:
– «Сол нығметтерді қайда пайдаландың?» – деп сұрайды. Әлгі адам:
– «Шейіт болып, жанымды бергенше Сенің жолыңда аянбай күрестім», – деп жауап береді. Хақ Тағала:
– «Жалған айтып отырсың! Сен ел-жұрт «Неткен батыр, ержүрек адам!» деп айтсын деп соғыстың. Солай айтылды да», – дейді.
Содан кейін ол адамды бет-жүзімен сүйретіп, жәһаннамға лақтыруға бұйрық береді. Келесі ғылым, білім үйреніп, оны басқаларға үйреткен, әрі Құран оқыған адам (есептелу құзырына) әкелінеді. Алла Тағала оған да Өзінің берген игіліктерін есіне салады. Ол адам да еске түсіріп, мойындайды. Алла Тағала:
– «Осы нығметтерге жету үшін не істеп едің?» – деп сұрайды. Әлгі адам:
– «Ілім үйреніп, оны (өзгеге) үйреттім және Сенің разылығың үшін Құран оқыдым», – деп жауап береді. Хақ Тағала сол кезде:
– «Өтірік айтып отырсың! Сен: «Ол Ғалым адам!» деп айтылсын деп ғылым үйрендің (немесе «Құранды қандай тамаша оқиды!» десін деп Құран оқыдың). Сен туралы солай айтылды да» - дейді.
Содан кейін ол адамды да етбетімен сүйретілген бойда тозаққа лақтыруға бұйрық береді. Содан кейін Алла Тағала әр түрлі мүмкіншіліктер мен алуан түлік мал-мүлік берген бір адам әкелінеді. Алла Тағала оған берген игіліктерін оның есіне салады. Ол кісі де өзіне берілген иігіліктерді есіне алып, мойындайды. Хақ Тағала:
– «Сен сол игіліктерге ие болып, қайда жұмсадың?» – деп сұрайды. Әлгі пенде:
– «Сен жұмсалуын жақсы көретін, Сен разы болатын жолдан аянып қалмадым, тек Сенің разылығыңды табу үшін жұмсадым», – дейді. Сонда Хақ Тағала:
– «Айтып отырғаның жалған! Сен (бар жасаған тірлігіңді) «Мынау неткен жомарт адам!» деп айтылуы үшін жасадың. Сен жайлы ондай сөз айтылып та қойды», – дейді. Сөйтіп оны да етбетімен сүйретілген күйде жәһаннамға лақтыруға бұйрық береді». (Сахих Муслим (1905) - «Имара» (152)
материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,
ummet.kz
Ант еткенде «Алла қаласа» деп айтудың мұстахабтығы
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.):
Тәкбір мен Құран оқудың арасында не айтылады?
Әли ибн Әбу Талибтен (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.) намазға тұрғанда: