30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Ғалымдардың сүннетті сақтаудағы ынта-жігері

Сүннетті түрлі қоспалар мен жаңсақтықтардан қорғау үшін мұсылман ғалымдары өздеріне жеткен хабарлардың сенімділігін тексеруде барлығына ортақ әдістерді қолданған.

Ғайбат тек сөзбен ғана емес

Ғайбат тек сөзбен шектелмейді. Адам ым-ишарамен, көзінің қиығымен, қасымен белгі беріп те ғайбат етуі мүмкін. Айша (р.а.) анамыз: «Біздің үйге бір əйел келді. Əйел шығып кеткенде қолыммен оның бойы қысқа екенін көрсеттім. Сонда пайғамбар (с.ғ.с): «Əйелді ғайбаттадың», - деген еді», - дейді. 

Мешіт әдептері: Мешітте дауыс көтермеу

Мешітте дауыс көтеріп сөйлеу – мәкруһ. Мешітке барған адам ол жер Алла Тағаланың үйі екенін ескеріп, әрі ғибадат жасаушы басқа да мұсылмандарға кедергі келтірмейтіндей бәсең дауыспен сөйлегені жөн.

Тамақтану әдебі: Тамақты сөкпеу

Халқымыз: «Ас – адамның арқауы» демекші, ішіп-жеу – адам баласының тәніне қуат сыйлайтын Жаратушының берген үлкен нығметі. Құранда Алла Тағала: «Уа, пайғамбарлар! Таза нәрселерден жеп әрі салиқалы іс істеңдер» («Муминун» сүресі, 51-аят), - деп бұйырған.

Алла Тағаланың құлына деген сүйіспеншілігі

«Оларға: «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла Тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді. Расында, Алла Тағала өте кешірімді, ерекше мейірімді», – деп айт» («Әли Имран» сүресі, 31-аят).