30
Сейсенбі,
Маусым

һижри

Құрандағы математикалық ғажайыптар

Құранның бүгінге дейін анықталған мұғжизалық ерекшеліктерінен тыс математикалық дəлдік ерекшелігі де бар. Мұның дəлелі Құранда қайталанып келетін кейбір сөздер. Олар тек қайталанып қана қоймай, асқан дəлдік пен таң қалдырарлық тепе-теңдікте қайталанады.

Ережеп – Жәннаттағы сүттен ақ, балдан тәтті өзен

Ислам діні бойынша әрбір айдың өзіндік қадір-қасиеттері болады. Айларды Алла тағала Құран кәрімде былайша баяндайды: «Расында Алла қасында көктер мен жерді жаратқаннан бері Алланың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі – құрметті айлар». Осылайша, Құранда он екі ай аталып, оның төртеуі құрметті айлар екендігі ескертілген.

Дұға мен кәлимә тәухидті іштей дауыссыз оқуға бола ма?

Сұрақ: Намаз оқығанда, төсекке жатқан кезде дұға немесе кәлимә тәухидті аузымыз жабық күйде (іштей) көңілмен, дауыссыз оқуға бола ма?

Әділетті төрт халифаның басшылығы қандай еді?

Әділетті халифалардың ең алғашқысы – Әбу Бәкір Сыддық (Алла одан разы болсын). Оның бойында халифалыққа лайық қабілет пен сенімділік шарттары мен ерекшеліктері толықтай көрініс тапқан, сахабалардың арасындағы ең ардақты тұлға болатын.

Бәрі өз уақытын күтеді, күн де уақытынан бұрын шықпайды

Біз түсетін ең үлкен тұзақтардың бірі – жылдамдық. Адамды асығыстық сияқты кешіктіретін ештеңе жоқ. Асығыстық – өмірдегі ең үлкен қателіктердің бірі.

Алла Тағаланың кәләм сипатының ежелден болуы

Әһлі сүннет ғалымдары: «Алла Тағала ежелден бар әрі мәңгілік кәләм сипатымен сөйлейді. Кәләм оның затында бар болып, затының өзі де емес, одан бөлек те емес. Жоғалып та кетпейді. Кәләм сипаты әріптер мен дыбыстардан құралмайды. Бөлшектер мен бөлімдерге де бөлінуі мүмкін емес» дейді.

Сабырым таусылды деп ойлайсың – одан сайын нығаяды

Ежелгі жолдардың төте жолы жоқ. Ақиқатқа, шындыққа, жақсылыққа, әдеміге, тұрақтыға, құндылыққа, молшылық пен пайда әкелетін жолдың төте жолы жоқ. Бұл негізгі артериялар. Оны қулықпен, жүгірумен жеңу мүмкін емес. Құнды, тұрақты және пайдалы жолдар дұрыс жолмен және шыдамдылықпен жүру керек. Одан құтылу мүмкін емес.

Бас мүфти: Бәріміз уақытқа тәуелдіміз

Өмір мен уақыт – адам баласының қайта айналып келмейтін, тіршілік тағдырына бір рет қана берілетін баға жетпес байлығы. Сондықтан мұсылман баласы өзінің өмірі мен өтіп жатқан уақытының әрбір сәтін мәнді де сәнді өткізуге тырысуы тиіс.