29
Дүйсенбі,
Маусым

һижри

Тәсбих тартудың шығу тарихы қандай?

Қазіргі күнде мәзһабтарға жала жабуға әрі кейбір амалдарды бидғатқа шығаруға әуес болғандар: «Тәсбих тарту бидғат, бұл істі Расулулла істемеген, сахабалар да істемеген» деген сөз таратып, мүмин-мұсылмандардың бастарын қатырып түрлі ихтилафтар шығаруда. Бірақ мужтәһид ғұламаларымыз тәсбих тарту дұрыс екенін әрі одан пайдалану мүмкін екендігін Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (саллаллаһу алейһи уа сәлләм) жеткен риуаяттан алған.

Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам

Мекке толықтай мұсылмандардың қолына өткеннен кейін Исламның бас дұшпаны Әбу Жәһилдің баласы Икриманы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өлім жазасына кескендіктен ол бас сауғалап Йеменге қашты.

Дауыстап жылау дәретті бұза ма?

Әбу Ханифа мәзһабы бойынша жылау дәретті бұзбайды. Себебі, көз жасы сілекей мен мұрыннан шыққан сұйықтықтар сияқты ағзаның табиғи әрі таза «бөліндісі» болып саналады.

Шын мәнінде, Ислам діні – оңай дін

Шын мәнінде, Ислам діні – оңай дін. Пайғамбардың (с.а.с.) осы және осыған ұқсас жауаптары Исламның жеңіл екендігін және Алла Тағаланың адам баласына ешқандай ауырлық жүктемегенін көрсетеді.

Ислам – жаңалықтар ендіру үшін емес, ілесу үшін

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исламды фанаттардың шектен тыс құлшыныстарынан және жалғаншылардың бұрмалауларынан қысқа да нұсқа, аз сөзбен көп мағына беретін сөздерінің (жауамиъул-кәлим) қатарына жататын осы хадис арқылы сақтады.

Мәзһабты ұстануға, оған еруге қарсы пайда болған қайшылықтар

Біріншісі – шариғаттың бізге міндеттегені имамдардың сөздеріне емес, Құран мен сүннетке еру керек деген қайшылық. Бұның жауабы: дəлелге тек Құран мен сүннет жатпайды. Дəлел ижмағ пен қиясты жəне сахабаның сөзін, бізден бұрынғы өткен шариғаттарды, ғұрыпты, истихсанды жəне тағы басқа үкім түрлерін қамтиды.

Жәннаттың қалаған есігінен кіретін әйелдің сипаты

«Әйел бес уақыт намазын оқып, (Рамазанда) оразасын ұстаса, ар-намысын сақтаса және күйеуіне бағынса, оған «жаннаттың қалаған есігінен кірсін» делінеді».