23
Сенбі,
Қараша

һижри

Дұғадан соң бет сипау дұрыс па?

Дұғадан соң бет сипау дұрыс па?

Намаз

Дұға жасайтын кезде екі қолды көтеріп, дұғаның соңынан бет сипау – мұстахаб. Оған мына төмендегі хадистер дәлел:

Тирмизи риуаят еткен «сахих» хадисте хазіреті Омар (р.а.) былай деді: «Дұға етерде Пайғамбарымыз қолдарын көтерер болса, оларды бет сипамай түсірмейтін».

Мұхаддис Хаким өзінің «Мұстадрак» атты Бұхари мен Мүслімнің хадис қабылдау талаптарына сай жинақтаған хадис кітабында Ибн Аббастан мына хадисті риуаят етеді. Ибн Аббас былай деді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.): Алла тағаладан тілеген кезде алақан жайып тілеңдер, қолдарыңның сыртымен сұрамаңдар. (Алақан жайғанда) бет сипаңдар!», – деді».

Хадисші Хакимнің «әл-Мүстадрак» атты хадистер жинағында келтірілген тағы бір хадисте Әзірет Омар былай дейді: «Шындығында, Пайғамбарымыз (с.а.у.) дұға ету үшін қолын көтеретін болса, екі алақанымен бетін сипамайынша, (көтерген қолын) түсірмейтін».

материал «Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: