22
Жұма,
Қараша

һижри

Намазды ықыласпен оқу үшін не істеу керек?

Намазды ықыласпен оқу үшін не істеу керек?

Намаз

Құран кәрімде құлшылыққа қатысты бұйрықтар атқарылатын ғибадаттың сыртқы пішініне емес, ішкі мәні мен мазмұнына көбірек бағытталған. Пайғамбарымыз осы құлшылықтардың қалай жасалатындығын көрсеткен. Осыған қатысты бір оқиғаны сахаба Әбу Һурайра былай баяндайды:

Пайғамбарымыз мешітке кірген болатын, осы уақытта сырттан бір кісі келіп намаз оқыды. Оқып болғаннан кейін келіп Пайғамбарымызға сәлем берді. Пайғамбарымыз оған: «Намазыңды қайта оқы, өйткені сен намаз оқымадың», – деді. Ол әуелгі оқығаны секілді намаз оқыды. Пайғамбарымыз тағы да «Намазыңды қайта оқы, өйткені сен намаз оқымадың», – деді.

Алла елшісі үшінші мәрте намазын қайта оқуын әмір еткеннен кейін, әлгі кісі: «Сені хақ ретінде жіберген Аллаға ант етейін, осы оқығанымнан басқа қалай оқу керектігін білмеймін. Уа, Расулалла, маған намазды қалай дұрыс оқу керектігін үйретесің бе?» – деді. Бұдан кейін Расулалла былай деді: «Намазға тұрған кезде, алғашқы тәкбірді ал. Құраннан жақсы білетініңді (сүре немесе аят) оқы. Рүкуғқа еңкейгенде, дене мүшелерің толық орныққанша дейін күт. Рүкуғтан басыңды көтергенде, денең толық түзелгенше дейін тұр. Кейін сәждеге бас қой және денең орныққанша сәждеден басыңды көтерме. Сәждеден басыңды көтерген кезде, мүшелерің толық орныққанша отыр. Кейін қайтадан сәждеге бас қой және денең толық орныққанша сәждеден басыңды көтерме. Кейін түргеліп тік тұр. Намаздың бүкіл рәкаттарын осылайша жалғастыр».
Бұл риуаятта байқалғандай, Пайғамбарымыз намазды жылдам оқыған адамға ескерту айтып, оған намазды ықыласпен оқуын бұйырған. Жеткілікті көңіл бөлінбей оқылған жағдайда қалай оқу керектігін үйреткен.

материал «Нағыз мүміннің намазы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: