27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Тарауих намазы жайында не білеміз?

Тарауих намазы жайында не білеміз?

Намаз

Тарауих намазының үкімі және қасиеті

Сөздікте демалу деген мағынаны білдіретін тарауих, діни термин ретінде Рамазан айында құптан намазымен үтір намазының арасында оқылатын нәпіл намазды білдіреді.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) бұл намазды сахабаларымен бірге жамағатпен оқып, олардың ықыласының ашылуын көргенде парыз болып қала ма деп қорқып, оны ары қарай жалғыз оқыды (Бұхари, Салату-т-тарауих 1). Тағы да Пайғамбарымыз: «Кімде-кім Рамазан намазын (тарауихты) иманмен және сауабын Алладан тілеп оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі», - деген. (Бұхари, Салату'т-Таравих, 1; Муслим, Салатул-Мусафирин, 173) осылайша тарауих намазын оқуға ынталандырды. Осыған байланысты тарауих намазы ерлер мен әйелдер үшін сүннет-и муаккада болып табылады.

Тарауих намазын төрт ракағатта бір сәлем беріп оқу рұқсат болғанымен, екі ракағатта сәлем беріп оқу абзал. Бұл намаздың әрбір төрт рәкәғатының соңында біраз уақыт отырып, демалу – мұстахаб. Бұл демалыстарда тәхлил (лә иләһа иллаллаһ деп айту) және салауат айту дұрыс.

Тарауих намазы қанша ракағат?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оқыған тарауих намаздарының қанша ракағат екендігі жөнінде ортақ пікір жоқ. Оның үтірді қосқанда жиырма үш ракағат тарауих оқығаны туралы кейбір риуаяттар болса да (Ибн Әби Шайба, әл-Мусаннеф, III, 395;) ғалымдар бұларды әр түрлі жеткізген. Сондықтан, осыған байланысты Айша анамыздың Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Рамазан айындағы түнгі намаздар туралы хадисінен және Хазіреті Омардың тарауих намазын жамағатпен оқуды бастауы туралы хабарға сүйене отырып қорытынды жасауға тырысқан.

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) Рамазандағы түнгі намаздары туралы сұрағанда, Айша анамыз: «Алла елшісі Рамазан айында және Рамазаннан басқа түндерде он бір рәкағаттан (нәпіл намазды) артық оқымайтын», - деді. (Бұхари, Тахаджуд, 16). Басқа бір риуаятта бұл сан он үш деп айтылады (Муслим, Салатул-Мусафирин, 123-124). Біріншіден, бұл хадис тарауих намазы туралы екені белгісіз. Екінші жағынан, Айша анамыздың Алла елшісінің Рамазан айында және Рамазаннан басқа түндерде он бір немесе он үш рәкат намаз оқығанын айтуы тарауихтен бөлек үздіксіз оқитын түнгі намаздың бар екенін көрсетеді. Негізінде Құран Кәрімде де: «Түннің бір бөлігінде оянып, сендер үшін нәпіл намазды орындаңдар. Раббың сені мақтаулы дәрежеге жібереді деп үміттенеміз». (Исра, 17/79).

Жоғарыда айтылғандардан сөз қозғалған сұрақ Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) басқа құлшылықтарындағыдай түнгі намаздардың көбейгенін анықтау тұралы сұралғаның және оның тарауих намазына еш қатысы жоқтығын түсінуге болады. Айша анамыздан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) Рамазан айында құлшылыққа басқа айларда кездеспейтін күш салатын. Рамазан айының соңғы он күнінде ол әлдеқайда көп күш көрсетті. Соңғы он күнде түнді жаңғыртып, отбасын оятатын». Хадис (Бұхари, Фазлу Лейлети'л-Кадр, 5; Муслим, Итикаф, 7, 8) бұл пікірді қуаттайды.

Тарауих намазы, Хазреті Омар Хазреті Осман және Хазреті Әли дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін жамағатпен 20 рәкат болып оқылады. Сахабалардан ешкім бұған қарсылық білдірмеді және оны ғалымдар солай қабылдады. Қазіргі таңда қасиетті Мекке және Мадина мешіттерінде және де көптеген ислам елдерінде,біздің елімізде тарауих намазы жамағатпен 20 рәкат болып оқылады.
Алайда тарауих намазы напіл құлшылық болғандықтан, оны парыз деп есептеу дұрыс емес екенін де айта кеткен жөн. Осы себепті шаршау, жұмысбастылық және осыған ұқсас себептермен тарауих намазы үйде 8, 10, 12, 14, 16 немесе 18 ракағат оқылса, сүннет орындалады. Бірақ жамағатқа қосылуға тырысқан дұрыс.

Тарауих намазың жамағатпен оқудың үкімі қандай?

Нәпіл намаздарды жалғыз оқу абзал болғанымен, тарауих намазын жамағатпен оқу Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) амалымен бекітілген. Негізінде, Пайғамбарымыз тарауих намазын жамағатқа бірнеше рет оқыды, бірақ кейін парыз болатынын ойлап, оны жеке оқыды (Бұхари, Салату-т-Таравих, 1; Муслим, Салату-Мусафирин, 177).
Омар халифа болғаннан кейін халықтың тарауих намазын шашыраңқы түрде оқып жатқанын көріп, оны қайтадан жамағатпен оқыған дұрыс деп ойлап, бұл намазды тағы да жамағатпен оқуды сахабалармен ақылдаса бастады. Адамдардың бұл намазды қуанып оқып жатқанын көргенде: «Бұл қандай әдемі әдетке айналды» (Бұхари, Салату’т-Таравих, 1) деп ризалығын білдіреді. Хазреті Әли: «Омар біздің мешіттерімізді тарауих намазымен нұрландырғанындай, Алла тағала Омардың қабірін нұрландырсын», - деді. (Муттақи, Кензу'л-уммал, XII, 576).

Әйел адамдар тарауих намазың мешітте оқыса бола ма?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әртүрлі жағдайларда әйелдердің мешітке келуге болатынын, бірақ олардың үйдегі құлшылықтарының артық екенін айтып: «Әйелдердің мешітке баруына кедергі жасамаңдар. Бірақ үйлері олар үшін жақсырақ». (Әбу Дәуіт, Салат, 53; Хаким, әл-Мустедрек, I, 327).
Пайғамбарымыз әйелдерге мешітке баруға рұқсат бергені, тіпті айт мерекесінің қуанышын сезіну үшін жамағат бірге тойлайтын рамазан, құрбан айт мейрамдары сияқты қуанышты күндерде айт намазына келуге шақырғаны белгілі (Бұхари, Идейн 15). , 21; Муслим, Салатул-идейн, 1-3). , 10-12). Дегенмен, Алла Елшісі (с.ғ.с.) мешітке келетін әйелдерге біраз кеңес берді; Олардың көзге көрінетін киінуіне (Муслим, Либас, 125) және хош иіс себінуіне тыйым салған (Муслим, Салат, 141-142).
Осыған сәйкес, әйелдердің үйде намаз оқуы абзал болғанымен, қажетті ескертулерді танытқан жағдайда парыз және тарауих намаздарын мешітте жамағатпен оқуының еш зияны жоқ. (Зейлаи, Тебийн, I, 139, 168; Ибн Нусейм, әл-Бахр, I, 380).

Нұриддин Абдусамадұлы,

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы

 

Бөлісу: