22
Жұма,
Қараша

һижри

Кусуф және хусуф намазы

Кусуф және хусуф намазы

Намаз

Күндізгі уақытта Күннің көзі не оның бір бөлігі тұтылғанда оқылатын намазды «кусуф», ал түнде Ай беті тұтылғанда оқылатын намазды «хусуф» деп атайды.

Бұл намаз – барлық мұсылмандарға, ер кісілер мен әйелдерге және тұрғылықты адамдар мен жолаушыларға бекітілген сүннет. Мұның дәлелі: Айша (Алла оған разы болсын): «Алла елшісінің (с.а.с.) кезінде күн тұтылғанда, ол адамдармен бірге намаз оқып, ұзақ уақыт қиямда тұрды. Сосын рукуғ жасап, ұзақ уақыт рукуғта болды, мұнан соң көтеріліп, ұзақ уақыт қиямда тұрды, бірақ алғашқы қиямдағыдай емес. Сосын (тағы да) рукуғ жасап, ұзақ уақыт рукуғта болды, бірақ алғашқы рукуғтағыдай емес. Одан кейін (екі рет) сәждеге барып, ұзақ уақыт сәждеде жатты.

Сосын екінші ракағатта бірінші ракағатта істегеніндей жасады. Сосын (намаздан) шықты, (бұл кезде) күн ашылған еді. Ол адамдарға құтпа жасап, Алла тағалаға мақтау-мадақ айтты да, сосын: «Расында, Күн мен Ай – Алланың белгілерінен екі белгі. Ол екеуі біреудің өлімі не өмірге келуі себепті тұтылмайды. Егер оны көрсеңдер, Аллаға дұға қылыңдар, тәкбір айтыңдар, намаз оқыңдар және садақа беріңдер», – деді. Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ей, Мұхаммедтің үмбеті, Алламен ант етейін, Өз құлының зина жасауына не күңінің зина жасауына Алладан артық қызғаныш білдіретін ешкім жоқ! Ей, Мұхаммедтің үмбеті, Алламен ант етейін, мен білген нәрселерді білгендеріңде, сөзсіз, аз күліп, көп жылар едіңдер!» – деді», – деген.

материал «Ислам ғибадаты» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: