22
Жұма,
Қараша

һижри

Құлшылықтағы тәуекелдің көрінісі

Құлшылықтағы тәуекелдің көрінісі

Намаз

Құранда: «Оған құлшылық ет және Оған тәуекел ет», - делінген. Тағы бір аятта Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с) былай әмір еткен:

«Әрі Раббыңның өзіңе уахи етілгенге ілес. Әрине Алла не істегендеріңді толық білуші. Аллаға тәуекел ет. Ол, уәкілдікте жеткілікті» («Ахзап» сүресі, 2-3-аяттар).

Құранның әмір еткендеріне ілесу – құлшылық. Аятта Алла Тағала Пайғамбарына (с.ғ.с) өзіне түсірілгенге еруді әмір еткеннен кейін тәуекел етуді бұйырған. Бұл бұйрық Пайғамбармен (с.ғ.с) қатар оның үмметіне де қияметке дейін үкімі сақталып, жалғасатын бұйрықтардан. Өйткені дінімізде шариғи мәтіндерде келген қандай да бір мәселе Пайғамбардың (с.ғ.с) жеке өзіне ғана тиесілі екендігіне дәлел келмесе, ол үмметіне де қатысты болады.

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

 ummet.kz

Бөлісу: