22
Жұма,
Қараша

һижри

Намазды қалай оқисың?

Намазды қалай оқисың?

Намаз

Хазіреті Хатами әс-Самнан (р.а) «Намазды қалай оқисың?» деп бір кісілер сұраған екен.

Сонда ол: «Намаз уақыты таяғанда жақсылап дәретімді аламын. Намаз оқитын жерге барып, біраз отырып ойланамын. Сонан соң намазға тұрамын. Қағбаны – қақ маңдайымның ортасында, сиратты (қыл көпірді) – табанымның астына, жәннатті – оң жағыма, ал тозақты – сол жағыма алып, Әзірейіл – төбемде тұрғандай сезіммен оқимын. Үрей мен үміт арасында Әлемдердің Раббы болған Алла Тағаланың құзырында тұрғанымды ойлаймын. Тәкбір алып, мағыналарына зер сала отырып, Құран аяттарын оқимын. Кішіпейілділікпен рукуғ жасаймын. Хушумен сәждеге барамын. Оң аяғымды тік ұстап, сол аяғымды жатқызып үстіне отырамын. Намазымды осындай ықыласпен, шынайылықпен оқуға тырысамын» – деген екен...

материал «Тағылым таразысы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: