22
Жұма,
Қараша

һижри

Намазды бет бояуымен (макияжбен) оқуға бола ма?

Намазды бет бояуымен (макияжбен) оқуға бола ма?

Намаз

Намаздың ішкі тәртібінде әйелдің беті мен қолында опа-далапты, бет күтіміне арналған заттарды пайдаланбауды талап ететін шарт жоқ.

Егер әйел кісі бетіне алдын ала жасалған макияжбен намаз оқитын болса, мұның еш айыбы жоқ.

Егер қолданылатын косметиканың суда ерігіш қасиеті болса, бұл жағдайда дәрет алғанға дейін жасалған макияж да мәселе тудырмайды, себебі дәрет жарамды болып есептеледі.

Егер намаз оқыған кезде беттегі грим немесе макияж кісіге жайсыздық тудырмаса, оған ойын жинақтауға кедергі жасамаса, онда намаздағы ішкі рухани тепе-теңдік тұрғысынан алғанда бұл жағдайда да ешқандай ағаттық болмайды.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: