06
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Дәнекерсіз келген бұйрық – намаз

Дәнекерсіз келген бұйрық – намаз

Намаз

Миғраж – уахидің ешбір дәнекерсіз тікелей түсетін жері. Мүминдер үшін ең қасиетті парыз саналатын намаз осы жерде бұйырылды.

Үмбеттің миғражына баланған намазды алғашында Алла Тағала күніне елу рет оқуды парыз етті. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұлы міндетті мойнына алып кейін қайтты. Қайтар жолда хазірет Мұсамен (а.с.) тағы жолықты. Мұса (а.с.):

– Раббың үмбетіңе нені парыз қылды? – деп сұрады. Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

– Елу уақыт намаз, – деді. Исрайыл халқын тура жолға бастауда талай тәжірибе жинап ысылған хазірет Мұса:

Пайғамбарымызға қош келдің деді, сосын дұға етті. Адам атаның айналасында бір топ кісі бар екен. Хазірет Адам оң жағына қарап жымияды да, сол жағына қарап жылай берді. Пайғамбарымыздың бұған таң қалғанын байқаған Жәбірейіл былай деді:

– Бұл – Адам пайғамбар, оң жағы мен сол жағындағылар – оның ұрпақтары. Оң жағындағылар – жәннат халқы. Сондықтан оларға қарап қуанады. Сол жағындағылар – тозақ халқы. Оларды көргенде, уайымға салынып жылайды. Олар ары қарай жүріп кетті. Әр қабатта бір пайғамбарды кездестірді. Бәрінің дұғасы мен жақсы тілектерін алып аттана берді. Екінші қабатта хазірет Яхия мен хазірет Исаны, үшінші қабатта хазірет Жүсіпті, төртінші қабатта хазірет Ыдрысты, бесінші қабатта хазірет Харунды, алтыншы қабатта хазірет Мұсаны, жетінші қабатта хазірет Ибраһимді кездестірді. Осы сапар кезінде Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хазірет Мұсаның жылағанын көріп, Жәбірейілден бұның себебін сұрады. Бұған хазірет Мұсаның өзі жауап берді:

– Хазірет Мұхаммед пайғамбар ретінде менен кейін жіберілді. Бірақ жаннатқа кіретіндерден оның үмбетінің саны менің үмбетімнен әлдеқайда көп. Мен сол үшін жылап тұрмын, – дейді. Миғражда Алла елшісі көп нәрсеге куә болды. Хазірет Ибраһимнің арқасын сүйеп тұрған қызылды-жасылды өрнекті Бәйті Мағмурды көрді. Бұл жерге күніне жетпіс мың періште тәуап етіп, бір рет тәуап еткен періштенің қияметке дейін екінші қайта кезегі келмейтінінен құлағдар болды. Бәйті Мағмур жер бетіндегі Қағбаның көктегі жалғасы екенін білді.

материал «Жүректің төрінен орын алған Мұхаммед» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: