03 Қыркүйек 2026, Бейсенбі 21 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:51
Күн 05:25
Екінті 16:56
Шам 19:01
Құптан 20:35

Алла Елшісінің (с.ғ.с) жүзікті оң қолына тағуы

Алла Елшісінің (с.ғ.с) жүзікті оң қолына тағуы

«Таң үшін сүрген өмірдің рахаты болмайды, таң үшін өмір сүру азап шектіреді. Рух үшін өмір сүрген ғана рахатқа жеткізеді» (Лев Толстой).


Әли ибн Әби Талиб (р.а) айтты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жүзігін оң қолына тағатын еді».¹² (Сахих, Абу Дауд 4226).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) кез-келген жақсы амалды оң жақтан болғанын жақсы көретін еді. Киім кисе, дәрет алса, мешітке кірсе де оң жақты ұстанатын. Барлық сахабалар жүзікті оң қолына тағатынын бізге жеткізген. Бірақ бұл жүзікті тек қана оң қолға тағу керек деген емес. Оң қолға сүннет ниетімен тақса сауатты амал болады. Ал сол қолға тағудың әбестігі жоқ. Себебі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) немерелері Хасан мен Хусейн жүзіктерін сол қолға таққан екен. Жүзіктің бетіндегі тасты алақан (теріс қаратып) қоятын болған. Ол тас хабашылық тас деген де деректер бар. Дәл сол жүзікке ұқсатып басқа сахабаларға жасауға рұқсат бермеген. Себебі бұл мөр ретінде пайдаланылды. Бұл жүзікті Муайқиб деген сахаба Құба мешітінің жанындағы «арис» деген құдыққа түсіріп алған.

Бастапқыда алтын мен жібек ер адамдарға харам етілмей тұрып алтыннан жүзік жасатқан. Содан кейін адамдардың барлығы алтыннан жасай бастады. Кейін Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жүзікті тастап «ешқашан кимеймін», деп айтты. Адамдардың барлығы жүзіктерін тастай салды.

Бұл жерден Пайғамбарымызға (с.ғ.с) сахабалардың бір ауыздан ергендігін байқаймыз. Дәл солай бізде Алла және оның Елшісі бұйырған нәрселерге бой ұсынуымыз керек.

Жүзік тағу сүннет болып табылатын жер - оң қолдың ең кіші саусағы. Ал сұқ саусақ пен ортаңғы саусаққа тағу жақсы көрілмеген амал. Ол екеуіне тағуға болмайды.

материал  «Алла (с.ғ.с) елшісін көргім келеді» кітабынан алынды,

ummet.kz