08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Шам 17:42
Құптан 19:08

Алла Тағала он адамның он түрлі қасиетін ұнатпайды

 Алла Тағала он адамның он түрлі қасиетін ұнатпайды

Бағзы хакімдер былай деген екен:

«Алла Тағала он адамның он түрлі қасиетін ұнатпайды: байлардың сараңдығын, кедейлердің кердеңдігін, ғалымдардың ашкөздіктерін, әйелдердің ұятсыздарын, қарттардың дүниеге құмарлықтарын, жастардың жалқаулықтарын, әміршінің қысастығын, жиһадқа шыққандардың қорқақтығын, тақуалардың өзіне-өзі таң қалуларын, ғибадатшылардың ғибадаттарын басқаларға көрсету үшін орындауларын».

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz