20 Қараша 2026, Жұма 10 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:34
Бесін 12:05
Екінті 14:38
Шам 16:25
Құптан 17:58

«Нәфсун ләууәмә» – істі орындамадың деп сөгетін нәпсі

«Нәфсун ләууәмә» – істі орындамадың деп сөгетін нәпсі

Кейде адамдар тағдырына налып: «Сұм өмірім», «сұм тағдырым осылай болды,»- деп жатады. Оның тағдыры немесе өмірі неге сұм болады? Өйткені көп адамдар өздерінің ішкі дауыстарын естімейді немесе естігісі келмейді тіпті есту керектігін білмейді. Жақсы, сонда адамның өзін есту мен «сұм тағдырдың» не байланысы бар?


Біл, араб тілінде және Құранда «сұм» сөзі «естімейтін» «естімеуші», «естуге тырыспаушы» дегенді білдіреді. Ол жайлы: «Олар естімейді, сөйлемейді, көрмейді, сондықтан қайтпайды» Бақара сүресі, 18-аят делінеді. Және қатыгез адам жайлы «Ол сұм адам» делінеді. Сол сияқты: «Менің өмірімде сұмдық жағдай болды,»- дейді. Мұның бәрі кісінің ішкі дауысын, жүрегін тыңдамай қойғанда орын алады. Ішкі дауыс адамға біреуді, айналаны кінләуді емес, өзімен жұмыс жасап, өзін тануға шақырады. Кісінің өзін түзеуінің маңызды екені жайында Шәкәрім атамыз:

Кісінің мінін көргенше,

Жамандығын тергенше,

Өз ойыңды мазалап,

Өз бойыңды тазалап,

Өзіңмен күрес өлгенше, - деген.

Мұнымен айтпағымыз, неліктен адамның сыртқы жағдайында өзі тілемеген жағдайлар көбейеді деген сұраққа жауап іздегіміз келеді. Оған жауаптардың бірі адамның бойында Құранда айтылғандай «нәфсун түрі бар. Ол ләууәмә» яғни айыптағыш нәфсі деп аталатын нәпсінің кісінің қолынан келетін жақсы істерден бас тартқаны үшін кінәлайтын нәпсі. Немесе ол адамның бас тартқан жамандығы үшін кінәлайды. Демек, ол нәпсі адамның жағдайына қарай болады. Егер адам көбінесе айналасындағыларды сөгіп, кінәлап жүретін құрбандық хәлде болса, оның әлгі сөгуші нәпсісінің айыптауы солай қарай болады. Ал керісінше ол өзін жетілдіріп жүретін, дұрыс салтпен өмір сүретін кісі болса, онда нәпсісі жақсы істерді орындамай қойғаны үшін жазғырады. Өйткені ол нәпсі жақсылықпен азықтанатын, пайдалы істермен күшейетін болып келеді. Бұл жайында Шәкәрім атамыз:

Табиғат бірде былай, бірде олай,

Кетері мәлім емес әлдеқалай,

Әкесі жан, шешесі дене болып,

Көңіліміз сол себептен екі талай, - дейді.

Мұндағы «көңіл» дегені сол нәпсі. Айналамыздағы жаратылыстардың бізге жақсы әсер ететіні және жаман әсер берушісі бар. Сондықтан адамның көңілі жақсыны орындамағаны үшін жазғыратын немесе жаман істі орындамадың деп сөгетін нәпсі – «нәфсун ләууәмә». Сен егер жанға көнген, басқаша айтқанда жанның жақсы көретін істеріне қарай өзіңді тәрбиелеп, жағдайдың оң жағына қарап, жақсы амалға қарай ұмтылатын болсаң, онда бойыңа тәннің емес, жанның рақаттанатынын көбірек берген саналасың. Оны атамыз: «Әкесі жан» - деген сөзбен келтірді. Яғни, адам өзін қаттырақ ұстаса, онда жақсы істерге, шын мәнінде жанның істеріне құмартып тұратын, оны істемесе, айыптайтын нәпсі иесіне айналады. Ал тәннің дегеніне көбірек көніп, соның қамын ойласа, дене рақаттанатын істерді орындамағаны үшін сөгетін нәфсінің иесі болады. Ол жайлы «шешесі дене болып» деген сөзбен жеткізді. Осы шумақтың соңында: «Көңіліміз сол себептен екі талай» деп аяқтады. Яғни, біздің бойымыздағы нәфсу ләууәмә делінген сөгуші нәпсі өзімізді жақсылық жасамасақ та, жамандық жасамасақ та айыптайды, жазғырады. Ендеше осы жазғырғыш нәпсіні Шәкәрім атамыз «көңіл» сөзімен берді. Келесі шумақта:

Кейде жақсыны іздейміз, кейде жаман,

Көңіл неге қызықса, соған таман,

Дене жеңсе, түпсізге қызығамыз,

Жан билесе, жаманнан қалмақ аман, - дейді.

Осы сөздерден ұққанымыз, адамның көңілінің ала-құла болуы, оның жаны немесе тәні басқаруына қаншалықты өтуіне қарай. Жақсылық жасамаса, жазғырушы нәпсі дегеніміз жанымызға жағатын істерді жасасақ, мысалы, біреудің айыбын кешіру, жамандыққа жақсылықпен жауап қайтару, кіші деп қарамай игі істер істеу, сауапты амалдарға ұмтылумен өсетін нәпсі. Ал жақсылық жасасақ немесе сауапты істерді ойласақ, дереу сөгетін, өзін көбірек ойлауға үйренген адам жетілмеуге, өспеуге, керісінше өзін де, өзгелерді де, кінәлап, айыптап отыратын нәпсі иесі саналады. Бұл адам көбіне тәнінің дегеніне көнгіш, еріншек, жалқау болып келеді. Егер оның тәнінің қалағаны бола қоймаса, ренжіп, тағдырына нала болып, «сұм тағдыр» - дейді. Кезінде оған айналасындағылар мұның бірер жаман істерін, адам мен жалпы төңірегіндегі сұрағанда, бұл оған тоқтамаған шығар. Өзінің тілі мен тіршілік иелеріне беріп жататын зиян, кесірін тоқтату қолы арқылы беретін зарарын доғарып, олардың мұңын естімеген және естігісі келмеген кездері болуы мүмкін.

Егер сондайды адам естіп, жамандығын тоқтатпаса, оның естімеуші сұм (керең) болғаны. Сондықтан оған да сұмдық жағдайлар мен өзі айтатындай сұм тағдыр келеді. Жалпы ереже бойынша, әлемге не берсең, соны аласың, не ексең. жазасы да, сол секілді жамандық» («Шура», 40) - делінді. Адамның соны жинайсың ғой! Тағы бір аятта: «Жамандықтың айналасында, жұмысы мен отбасына, тұрып жатқан мекен-жайына қатысты сөздерді естігісі келмеуі де өзіне жамандықтардың немесе ескертулердің келуіне себеп болады. Оның мысалы сенің қасыңа кішкене қызың келіп: «Анашым, менің мектепте салған суретіме қараңызшы, менің құрбым берген сыйлыққа қараңызшы, мені тыңдаңызшы, маған мектепте былай айтты,»- деп өзінің өтініші мен шағымын айтқысы келіп, қасыңа отырады. Ал сен телефондағы біреумен уатсап арқылы сөйлесіп, жауап берудесің немесе инстаграмм парақшасында отырсың. Сен үшін сол сәтте қасыңда өтінішін айтуға келген қызыңды тыңдаудан гөрі телефонның «арқа жағындағы» біреуге жауап жазу маңызды болып тұр. Саған кім жақын? Руханият жағынан да, физикалық жағынан да, жақын тұрған қызың емес пе? Ал сен керісіншеге айналдырып жібердің.

Демек, осы көріністе сұм яғни, естімеуші болдың. Келешек күндерде осы сұмдығың өзіңе айналып келеді деп қорықпайсың ба? Қорыққан адам сақтанғанда оған өзі қорыққан нәрсесі келмейді. Неден қорықсаң, содан сақтану үшін жасалатын іс-шараға Құранда «тақуалық», ал сақтанушыға «тақуа адам» делінеді. «Құрбандық» жағдайына түсіп, тағдырына шағым айтып, оны «сұм тағдыр» деп сипаттап отыратындардың көпшілігі өзінің өткеніне шолу жасаса, кезінде айналасында болып жатқан жағдайға мойын бұрып, естігісі келмеген немесе естімегендей түр көрсеткен жағдайлардан болады. Олай деп батыл айтуымыздың негізі ештеңенің себепсіз емес екендігі, Бізге келген жағдайлар, салдар оған өзіміздің жасап немесе жасамаған істеріміз себеп.

Тағы да мысал келтірейін. Көршілерім кешке көліктерін тиісті, кең, бос тұрған жерге қоймай, бірінің көлігінің алдына қойып, сонымен бірге екі көлік қатар жүре алатын үйлердің арасындағы жолдарды тарылтып, бір көлік қана жүре алатын етіп қояды. Сол істерімен кеңшілікті тарылтады. Қанша рет менің және кейбір көршілерімнің ескертулерімізді тыңдамайды. Демек, естігісі келмейді.

Бұл істері өзгелерге жасаған жамандықтары. Міне, бұдан соң оларға сұмдық келмейді ме? Аятта: «Ал кім тозаңның салмағындай жамандық істесе, оны көреді,» («Зәлзәлә» сүресі, 8) - дейді. Алланың «Әділ» есіміне ие болғанына, жазалануы керек болғанды жазалайтыны қандай дұрыс, әділ екеніне көзіңді жеткіз! Сұмдық жағдайдың тағдырыңа кездеспеуін тілесең, сұмдық іс істеуден аулақ бол!

материал Құрманғазы Садыбаевтың «BIL» кітабынан алынды,

ummet.kz