09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Ауызбен истиғфар айтып, күнәні тастамау – өтірікшілердің тәубесі

Ауызбен истиғфар айтып, күнәні тастамау – өтірікшілердің тәубесі

Истиғфар – тәубенің бастауы. Ол адамға үміт береді. Жан қиналып, қиындыққа тап болған сәтте де «Астағфирулла» деп айту – үміт шамын жағады.

Алла Тағала күнәға батып, өз-өздеріне зиян келтірген пенделеріне Құранда былай дейді: «(Уа, Мұхаммед! Оларға Менің мына сөзімді жеткіз): «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алланың рақымынан үміттеріңді үзбеңдер! Өйткені Алла барлық күнәларды кешіреді. Шүбәсіз, Ол – Ғафур (құлдарының күнәлары қаншалықты ауыр болса да тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді)!» ("Зүмәр" сүресі, 53-аят).

Бұл аят – күнәға батқан адамға Алланың  рахмет есігі әрдайым ашық екенін дәлелдейді. Риядус-солихин (Тақуалар бақшасы) еңбегінің иесі, мухаддис ғалым Яхия ибн Шәрәф ән-Науауи ауызбен ғана айтып, күнәні тастамауды құптамаған.

Мына бір сөзінде былай келтіріледі: «Ауызбен истиғфар айту бірақ күнәні тастамау – бұл шыншылдардан емес, өтірікшілердің тәубесі.»

Сондықтан истиғфар тілде де, жүректе де болуға тиіс. Екеуі қосылса, ең шынайы тәубеге мұрындық болар ізгі іс болады.

 

материал «Истиғфар – рақмет есігі» кітабынан алынды,

ummet.kz