Рас, жақсы әйел болу оңай шаруа емес. Бұл – үлкен өнер әрі маңызды құлшылық. Алайда, қамтылған кеңестер әлдебір адамның ойлап тапқаны немесе кітапта жазғаны, ойлап тапқаны емес, Алла мен Оның Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінен алынған насихаттар екендігін ескерсеңіз екен дейміз.
Ал жаратылысын бәрінен артық білетін Алла мен көкейіне Алланың құйғанын ғана сөйлейтін Оның Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешқашан да қате айтпайды. Демек, Құранда немесе хадисте айтылғандарды орындауда береке, жеңіс, сауап, сый бар. Бұған күмәніңіз болмасын...
Ұсынылған кеңестерді орындау үшін ең алдымен ниетіңізді түзеңіз. Ықылас – әлемдегі ең күшті қозғаушы күш әрі жетістікке жеткізетін ең үлкен амал. Яғни, сіз жарыңызға жақсылықты Алла үшін жасауды бірінші орынға қою керексіз. Содан кейін намазыңызда дұға жасап, Алладан көмек сұраңыз. Өйткені, жақсы әйелге ең бірінші жәрдем – Алладан. Күйеуінің көңілін аулағысы келген әйел Алламен қарым-қатынасын түзесін. Жарыңыз бен сіздің жүрегіңіздің Иесі – Алла. Қалаған жағына бұрып қоя алады.
Және жасаған амалдарыңызға, сұлулығыңызға, мінезіңізге, дәмді тағамдарыңызға тәуекел етуден сақтаныңыз. Мұсылман қолынан келген амалды жасап болғаннан кейін: «Я, Құдіретті Алла! Міне, мен қолымнан келген әрекетті жасадым, ендігі нәтиже сенің қолыңда, сен оның жүрегін маған бұрмасаң шарам жоқ, екеуміздің арамызға татулық пен сыйластықты орнатсаң ғана бәрі жақсы болады» деп, Аллаға тапсыруы тиіс: «...Ал кім Аллаға жүгініп, Оған ісін тапсырса (тәуекел етсе), Ол оған жеткілікті. Ақиқатында, Алла – ісін соңына жеткізуші...»(«Талақ» сүресі, 3-аят).
материал «Отбасы брошюрасы» кітабынан алынды,
ummet.kz