03 Қараша 2026, Сейсенбі 23 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:05
Бесін 12:03
Екінті 15:02
Шам 16:50
Құптан 18:19

Истиғфардың күші: Юнус (ғ.с) пен Нәйнауа қауымының хикаясы

Истиғфардың күші: Юнус (ғ.с) пен Нәйнауа қауымының хикаясы

Юнус (с.ғ.) пайғамбар Нәйнауа (қазіргі Ирак маңы) халқына пайғамбар етіп жіберіледі. Ол қауымын Аллаға иман келтіруге шақырады. Алайда, халқы оны тыңдамай, қарсы шығады.


Халқы иманға келмеген соң, ,пайғамбар ренжіп Алланың бұйрығы келіп уахи түспестен қаладан шығып кетеді. Расында, ол шаһар тұрғындарын Хаққа шақырып, қаншаламаған уағыз айтса да олар иман келтірмеген еді. Юнус бұл қауымнан көңілі қалған болатын. Дегенмен бұл ісі Алланың рұқсатынсыз болғандықтан дұрыс емес еді.

Юнус (с.ғ.) пен Нәйнауа қауымының хикаясы пайғамбар теңіз жағасына келіп, кемеге мініп сапарға аттанады. Кеме теңізге шыққан соң, көп өтпей дауыл басталады. Теңіз толқыны күшейіп, дауыл барған сайын көтеріледі. Теңіздің суы мен найзағайлы жаңбырдың толассыз суы кемеге тола бастайды. Кеме ауыр болып батып кетпесі үшін кемедегі жолаушылар жеребе тастайды.

Кімге түссе соны теңізге лақтырып, кемені жеңілдетсек дейді. Жеребе түседі. Тағы тастайды, тағы соған түседі. Бірнеше реттүскен соң, оны дауылды теңізге лақтыруға тура келеді. Осылайша сол сәтте, Атлант мұхитынан Жерорта теңізіне үлкен бір алып кит жүзіп келіп жетеді. Суға енді түскен оны балық жұтып қояды. Ол киттің қарнында қараңғылықта өз қателігін түсініп тәубе етеді. Шын ықылас пен Алладан кешірім сұрайды. Оны балық ішінде үш күн (кей риуаятта 7 күн, 40 күн) жатқан дейді. Теңіз түбінде. Тас қараңғыда. Алып кит ішінде бір тірі жан ғана Раббысын еске алып, истиғфар тілеуде. Сонда пайғамбар мына дұғаны қылған екен. «Лә иләһә иллә әнтә, субхәнәкә инни кунту минәз-золимиин!» «Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Сен пәксің! Расында мен өзіме зұлымдық қылдым!»

Тәубелерді қабыл етуші Кешірімі мол Рахымды Алла оның шын тәубесін қабыл етіп кешіреді. Асылында китті жіберген де Алла еді.

Осыдан соң балыққа Юнусты (с.ғ.) жағалауға шығаруға әмір етті. Юнус (с.ғ.) аман-есен жағағажетеді. Неше күн асауқатсыз балық қарнында жатқан құлын Алла кей риуаятта ағаш саясынан асқабақ өсіріп қоректендірді десе, кей риуаятта жолай сүтті ешкі жолықтырып сүт ішкізді дейді. Тамақтандырып, ризық беріп әл-дәрменін қалпына келтіреді. Юнусты қайтадан өз қауымына елші етіп жібереді. Таңқаларлығы пайғамбар қауымынан кеткенінен-ақ ол қауымға Алла азап белгілерін жақындатып көрсете бергенде, Нәйнауа халқы Аллаға тәубе етіп, апат алдында тұрып Раббыларынан шынайы түрде кешірім тілеген екен. Кешірімді Алла кешірімдерін қабыл етеді.

Біле-білгендерінше Юнус (с.ғ.) пайғамбар бұрын ескертіп уағыздаған нәрселерді істеп, құлшылық жасайды. Юнус ибн Мәтта келгенде қуанышпен, сағынышпен қарсы алып, Алла мен Оның елшісіне иман келтіреді. Қабыл болған истиғфарлардың соңы осылай аяқталып, тарихта «Киттің Иесі» яғни, «Зун-Нун» деп аталды. Қауымы да Құранда ғибрат ретінде келтіріліп, тәубе еткен бірден-бір қауым ретінде ел есінде қалған.

материал «Истиғфар - рахман есігі» кітабынан алынды,

ummet.kz