Әбу Барза (р.а.) айты:
«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құфтан намазын кешіктіріп оқуды жақсы көретін»,- деді.
Әнас (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құфтан намазын түннің жарымына дейін кешіктіріп барып оқыды. Содан соң: «Адамдар әлдеқашан намаздарын оқып ұйықтады, бірақ сендер оқимыз деп күткен намаздарынды (яғни құфтанды) оқып жатырсыңдар»,- деді.
Әбу Барза (риуаят етті) : «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) құфтаннан бұрын ұйықтауды және құфтаннан кейін сөйлесіп отыруды мәкрүх дейтін»,- деді.
материал «Фиқһ әл-ғибадат» кітабынан алынды,
ummet.kz