09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Ихсан – жәннат иелерінің сипаты

Ихсан – жәннат иелерінің сипаты

Алла Тағала: «Сондай көркем іс істегендерге (ихсан) жақсылық әрі артығы да бар. Олардың беттерінде бір дақ не қорлық әсері көрінбейді, солар жәннат иелері. Олар онда мәңгі қалады» («Жүніс» сүресі, 26-аят ), - деп мәңгі жәннатты уәде еткен.

Алла Тағала ихсан иелерін зор сауапқа кенелтеді. Құранда: «Егер Алланы, Елшісін және ақырет жұртын қаласаңдар, әринеАлла сендерден жақсылық істегендерге зор сыйлық дайындайды» («Азхап» сүресі, 29-аят) – делінген.

Тағы бір аятта: «Өздері соққы жегеннен кейін де Алла және Елшісінің нұсқауларын қабылдағандар сондай-ақ олардың жақсылық істеп, тақуа болғандары үшін зор сыйлық бар» («Әли Имран» сүресі, 172-аят).

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz