Әйел кісі азан шақырмайды, қамат түсірмейді. Әйел кісінің азан шақыруы мәкруһ болып табылады.
«Әйел адамға азан да, қамат та жоқ» деген пікір атақты табиғиндер Ата, Сағид ибн әл-Мусайяб, Ибраһим, Ибн Сирин және Хасан әл-Басриден риуаят етілген.
Ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Әйелге азан да, қамат та міндет емес», – деп айтқан. Әсмә (Алла оған разы болсын): «Алланың елшісі (с.а.с.): «Әйелдерге азан да, қамат та, жұма да және жұмаға жуыну да міндет емес», – деді», – деген (1).
Ата: «Әйелге азан да, қамат та міндет емес», – деген (2).
– Егер оқып тұрған парыз намазын бір себептермен қайта оқу керек болса, жаңадан азан шақырмайды.
1. Әс-Сунән әл-кубра, әл-Бәйһақи, І-том, 408-бет.
2. Мусаннаф, Ибн Әбу Шәйбә, I том, 252-бет.
материал «Фиқһ әл-ғибадат» кітабынан алынды,
ummet.kz