24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Қияметте өте ауыр азапқа душар болатын үш адам

Қияметте өте ауыр азапқа душар болатын үш адам

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күні Алла тағала үш түрлі адаммен тілдеспейді.

Оларға (мейіріммен) қарамайды әрі (күнәларынан) тазартпайды, сондықтан олар өте ауыр азапқа душар болады. Олар: шөл далада қажетінен артық ауыз суы бола тұра, оны өзге жолаушылардан аяған адам. Кешкі базарға шығып, сатып алушыны: «Алланың атымен ант етейін! Өзім мұны мынанша бағаға сатып алған едім» деп сендіріп, дүниесін алдап өткізген адам. Сондай-ақ, ел билеген басшының алдында қара басының пайдасы үшін «саған адал боламын» деп ант қабылдап, кейін әлгі басшының шарапаты тисе уәдесінде тұрып, ешбір жақсылығын көрмесе, сертінен тайған адам», - деп айтты», - деген. (Бұхари, шәһәдат  22/ ахкәм 48; Муслим, иман 171).

ummet.kz