22 Қыркүйек 2026, Сейсенбі 11 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 05:55
Бесін 12:12
Екінті 16:21
Шам 18:18
Құптан 19:45

Күнәдан да жаман төрт іс бар

Күнәдан да жаман төрт іс бар

Ауан ибн Хаушаб: «Күнәдан да жаман төрт іс бар», – дейді. Ол төртеуі мына істер:


* Біріншісі – күнәні кіші санау. Яғни, «ой, бұл кішкентай ғана нәрсе ғой, бәрі де істейді» деп жеңіл қарау. Ал шын мәнінде, сол кішкентай көрінген іс Алланың алдында ұлғайып кетуі мүмкін.

* Екіншісі – мақтану. «Иә, мен солай істедім, иә, мен сондаймын» деп күнәсін ерлік көріп айту тәубеге емес, менмендікке апарады.

* Үшіншісі – күнәні жариялау, яғни оны өзгелерге айтып, жайып жүру. «Жас кезімде қанша жігіт артымнан жүгірді, бәрін пайдаланып кететінмін» деген сияқты сөздер – күнәнің өзін қайта тірілтумен тең.

* Төртіншісі – «Әдейі істедім» деу. «Иә, мен оған әдейі айттым, оған сол керек, өзінен көрсін» деген ой – жүректегі тәкәппарлықтың белгісі. Міне, осындай нәрселер күнәнің өзінен де ауыр екен.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жеткізген Алланың мынадай сөзі бар: «Кім жақсылық жасаса, сол жақсылығы өзіне қайтады. Кім жамандық жасаса, ол да өзіне қайтады. Өздеріңе-өздерің залым боласыңдар», – деген. Яғни, жақсылықтың қайтарымы да, жамандықтың жазасы да өзіңе оралады.

материал «Алламен сырласу» кітабынан алынды, 

ummet.kz