14 Тамыз 2026, Жұма 1 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:06
Күн 04:54
Екінті 17:27
Шам 19:43
Құптан 21:30

«Мына амалымда ешқандай да ықылас жоқ секілді»

«Мына амалымда ешқандай да ықылас жоқ секілді»

Ықылас – амалдарды бүкіл кемшіліктен тазарту. Тілдік мағынасы бал шірнесін көзшелерден сарқытып алу, сүтті майда қоқыстардан тазартып алып пайдалану дегенге жақын.

Ал құлшылық, ілім жолындағы ықыластың көрінісі – ілім алу, онымен дүниені көздемеу. Имам әл-Ғазали, басқа да ғалымдар (Алла разы болсын) Әбу Яғқуб әс-Сусидің ықылас жайлы сөзін келтірген: «Ықылас – оның жоқ секілді сезілуі». Адам бір жақсы амалды жасап жатқан кезде: «Мына амалымда ешқандай да ықылас жоқ секілді», – деп ойлауы тиіс.

Имам әз-Зәһәби (Алла рақым етсін) шынайы ықылассыз ілім алатындарды былай деп сөккен: «Кімде-кім ілімді атақ-даңқ үшін, пәтуә беру үшін, мансапты болу үшін алса, көзін шел басып, өзіне деген ғашықтығы оны біржола құртып тынады».

Қорыта айтқанда, шын ниет – Аллаға жақындауға ұмтылу. Ал ықылас – сол ниетті барлық жамандықтан тазартып, тек жақсылыққа бағыттау.

 

материал «Не үшін оқу?» кітабынан алынды,

ummet.kz