13 Қараша 2026, Жұма 3 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:22
Бесін 12:04
Екінті 14:47
Шам 16:34
Құптан 18:05

Намаз амалдарынан тыс көп қозғалу намазды бұзады

Намаз амалдарынан тыс көп қозғалу намазды бұзады

Мәлики мен ханбали мазһабында егер намаз оқушының көптеген әрекеті сырттай қараған адамды «ол намаз оқып тұрған жоқ» деген ойға жетелесе, оның намазы бұзылады. Ал ханафи мазһабында сырттай қараған адамның «ол намаз оқып тұрған жоқ» деген ойы нақты болуы керек.


Шафиғи мазһабында намазхан арасын үзбестен намаздың амалдарынан тыс анық үш амал жасаса, намазы бұзылады.

Көп қозғалу деп намаз амалынан тыс, қатарынан үш бөтен қимылды үзбей жасауды айтады. Мысалы, бір кісі намаз оқып тұрып, үш рет арасын  үзбестен денесін қаситын болса немесе алдыңғы саптағы бос орынды толтыру үшін қатарынан үш рет қадам жасаса, оның намазы бұзылады. Ал егер әр басқан қадамының арасын үзіп жасаса, намазы бұзылмайды. Алайда намаз үстінде жүрген кезінде денесі құбыланың бағытынан басқа жаққа бұрылатын болса, оның намазы бұзылады.

Ауызда қалған сағызды үш рет қатарынан шайнаса, намазы бұзылады. Намаз амалдарының бірі артық жасалса, мысалы, сәждені үш рет немесе рукуғты екі рет жасаса, бұған намаз оқушының ниетіне қарай үкім беріледі. Егер ол әдейі жасаса, аз не көп қимылдады демей-ақ ол намаз бұзылады. Ал егер ол шатасып не білмей ағаттық жіберсе, аз не көп қимылдағанына қарамастан, намазы бұзылмайды. Мұндай жағдайда намаз соңында сәһу сәждесі жасалу керек.

материал «Фиқһ әл-ғибадат» кітабынан алынды,

ummet.kz