24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Нәпсінің кемшілігі – мағынасыз тілек-мақсаттың көптігі

Нәпсінің кемшілігі –  мағынасыз тілек-мақсаттың көптігі

Нәпсінің келесі кемшілігі – мағынасыз тілек-мақсатының көп болуы. Негізінде (мазмұнсыз) тілек-мақсат Алла Тағаланың тағдыры мен қазасына қарсылық білдіру дегенге саяды.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы: Пенде тілек-мақсатының соңы жақсылыққа не жамандыққа немесе Алла Тағаланы разы ететін яки қаһарын тудыруға жетелейтіндігін нақты білмейтіндігін түйсінуі керек. Тілек-мақсатының соңы күмәнді екендігіне көзі жеткенде ғана пенде бұдан арылады. Маңдайына жазылғанға разылық білдіріп, толықтай мойынсұнады. Осылайша, жаны жай тауып жайланады. Сол себепті пайғамбар Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с): «Сендердің араларыңнан кімде-кім қандай да бір нәрсе тілесе, тілегеніне назар салсын! Өйткені ол тілеген нәрсесі үшін не жазылғанын білмейді», – деген (Ахмад).

Басқа бір хадисте Пайғамбардың (с.ғ.с): «Сендердің ешбірің басына түскен ауыртпалыққа бола өлім тілемесін. Оның орнына: «Уа, Алла! Өмір сүру мен үшін қайырлы болса, маған ғұмыр бер! Ал мен үшін өлім қайырлы болса, жанымды ал!» – деп дұға қылсын», – деген өсиеті де бар (Муслим).

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz