22 Қараша 2026, Жексенбі 12 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:37
Бесін 12:05
Екінті 14:36
Шам 16:23
Құптан 17:56

Нәпсінің кемшілігі: Шайтанның арбауынан қауіпсізбін деп ойлау

Нәпсінің кемшілігі: Шайтанның арбауынан қауіпсізбін деп ойлау

Нәпсінің кемшіліктерінің бірі – шайтанның айласынан, арбауынан, азғыруынан және қулығынан қауіпсіз, қатерсізбін деп ойлауы.

Бұл кемшіліктен арылудың жолы:

1. Аллаға құл болуды шарттарына сай түзету.

2. Лайықты құл болуды нәсіп етуін Аллаға жалбарынып сұрау.

Себебі Алла Тағала: «(Ей, шайтан!) Менің (ықыласты һәм Маған толық мойынсұнған) құлдарыма сенің ешқандай ықпалың жүрмейді», – деген («Хижр» сүресі, 42-аят).

материал «Нәпсі дертінің дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz