09 Шілде 2026, Бейсенбі 24 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Бесін 12:25
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Тәуекел мен табандылық – табысқа жетудің алғышарты

Тәуекел мен табандылық – табысқа жетудің алғышарты

Тәуекел – Аллаға сенуді, арқа сүйеуді, қандай істің тек қана Жаратушының көмегімен болатындығын қаперде ұстауды білдіреді. Тәуекел ете алмайтын мүминде нұқсандық бар деген сөз. Алла тағала ғаламға себеп-салдар негізінде детерминистік жүйе орнатқан.

Алайда Алла қаласа себепті жасап, салдарды болдырмауына да құдіреті жетеді. Дегенмен, осынау себеп-салдар заңдылығына мүлтіксіз бағына отырып мүмин, істерінің баршасында Алланың қайырлы нәтижесіне тәуекел етіп, бел байлайды.

Түйесінің тұсауы босап кеткенде Амр ибн Умәй атты сахаба «Ештеңе етпес, Аллаға тәуекел еттім», – деген екен. Оны естігенде Пайғамбарымыз: «Сен әуелі тұсауын байла, сосын Аллаға тапсыр, тәуекел ет», – деген.

Табандылық – табысқа жетудің алғышарты. Ол уәдесінде тұруды, қолға алған ісін мойымай соңына дейін жеткізе білуді білдіреді. Қайырлы және пайдалы істерде табандылық көрсету таптырмайтын қасиет. Ал пайдасыз, бос істерде табандылық көрсету – қыңырлық пен қырсықтықты білдіреді.

материал «Исламдағы тазалық» кітабынан алынды,

ummet.kz