24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Үш кісінің амал дәптерлері қияметке дейін жабылмайды

Үш кісінің амал дәптерлері қияметке дейін жабылмайды

Сахаба Әбу Һурайра (р.а.) келтірген деректе Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде былай дейді:

«Адам баласы дүние салғаннан соң амал дәптері жабылады. Бірақ мынадай үш кісінің амал дәптерлері қиямет күніне дейін жабылмайды: 

Садақа жария ( жол, көпір, мешіт, оқу орны т.б. тәрізді адамдарға пайдасы тиетін іс-амалдар жасалса);  

Пайдалы ілім қалдырған кісі (яғни кітап жазып, құнды еңбектер қалдырса, шәкірт тәрбиелесе); 

Өзінің артынан дұға тілейтін игі перзент қалдырған кісі».

материал «Бала тәрбиесі» кітабынан алынды,

ummet.kz