08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 04:55
Күн 06:21
Бесін 12:07
Шам 17:42
Құптан 19:08

Ықылас – сенің бар болмысыңмен Алла үшін қызмет етуің

Ықылас – сенің бар болмысыңмен Алла үшін қызмет етуің

Ей, ұлым! Сен меннен ықылас жайлы сұрадың.

Ықылас – сенің бар болмысыңмен тек Алла үшін қызмет етуің. Сенің жүрегің адамдардың мақтауына қуанбасын, адамдар даттайды деп қайғыланбасын. Есіңде болсын: екіжүзділік адамдарды мадақтаудан туады. Сен бұл екі жүзділіктен сол сен мадақтайтын адамдар Жаратқанның құдіретіне тәуелді екенін түсінгенде құтыласың. Сен адамдардың құдіретіне сенуден құтылмай, екіжүзділіктен арыла алмайсың.

Ей, ұлым! Білімнің мәні – Алланы тану мен Оған ғибадат ету. Тану мен ғибадат – Оның бұйырғандарын орындап, тыйым салғандарынан аулақ болу, тілің мен діліңнің бір болуы. Алланың заңдарына сай келмейтін ой мен әрекет дұрыс жолдан адасу болып табылады. Есіңде болсын: көп сөйлеу, нәпсіге берілу – бәленің белгісі.

Ей, ұлым! Қашанда күншілдіктен аулақ бол. Күншіл адамның ісі де, сөзі де  айналасына зәр шашып тұрады. Пайғамбарымыз с.а.с.: «От ағашты қалай жалмаса, күншілдік те барлық ізгі қасиеттерді солай жалмайды» деген. Екінші емделмейтін кесел – ақымақтық. Иса пайғамбар: «Мен өлі адамды тірілте аламын, бірақ ақымақты емдеуге күшім жетпейді» депті. Осыны ұмытпа.

материал Имам Ғазалидың «Ей, ұлым!» кітабынан алынды,

ummet.kz