24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Духа намазын мешітте оқудың сауабы

Духа намазын мешітте оқудың сауабы

Әбу Умама (Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

«Кімде-кім мешітке парыз намазын оқу үшін үйінен тазаланып шықса, ихрам киімінде қажылық жасағандай сауапқа кенеледі. Ал кімде-кім арнайы духа намазы үшін шықса, умра қажылығының сауабына ие болады», – деген (Әбу Дәуіт, №558; Ахмад, 5/268). Ибн Хажар әл-Хайтами нәпіл намаздарды мешіттен гөрі үйде оқыған абзал деген. Алайда духа намазын мешітте орындағанды дұрыс санаған («Бәзл әл-Мәжхуд», 3/399).

материал «Сүннет сыйы» кітабынан алынды,

ummet.kz