24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Ең ізгі амал: Таң намазына дейінгі екі рәкәғат намаз

Ең ізгі амал: Таң намазына дейінгі екі рәкәғат намаз

Айша анамыз (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Таң намазының [алдындағы] екі рәкәғат бұл дүниенің барлығынан да қайырлы» (Ахмед, № 25165).

Сондай-ақ, Айша анамыздан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таң намазының алдындағы екі рәкәғат туралы: «Бұл екі рәкәғат мен үшін қызыл түйеден де қымбат», – деген (Әбу Дәуд әт-Таялиси, № 1601).

Ханафи мәзһабы бойынша таң намазына дейінгі екі рәкәғат намаз – бекітілген сүннеттердің ең абзалы. Бұл намазды тіпті сапарда да жіберуге болмайды. Сондай-ақ, бұл хадистің екі нұсқасы бір-біріне қайшы келмейді, өйткені, арабтар үшін қызыл түйе ең бағалы мүлік болған.

материал «Қызыл түйеден де артық амалдар» кітабынан алынды,

ummet.kz