24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Қаматтың оқылуына жауап беру – сүннет

Қаматтың оқылуына жауап беру – сүннет

Әбу Умама (Алла оған разы болсын) (немесе Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басқа бір сахабасы) былай деді:

«Бір күні Биләл қаматты түсіре бастағанда: «Намаз басталайын деп жатыр» (Қад қамати-ссаләһ) дегенінде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла оны бастады және тұрақты етті» (ӘқамәһәЛлаһу уа әдәмәһә), - деді.

Қалған қамат сөздері айтылған кезде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Омардың (Алла оған разы болсын) хадисінде жеткізілгендей азан кезінде айтылатын сөздерді айтты (Әбу Дәуд, № 528).

материал «40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz