08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Шам 17:42
Құптан 19:08

Мешітке қарай басқан қадамдарды есептеудің сауабы

Мешітке қарай басқан қадамдарды есептеудің сауабы

Әнас (р.а.) риуаят етті:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ей, Бәни Салама, қадамдарыңызды есептеп жүрмейсіз бе?»,- деді.

Мұжаһиж: «Қылған істерінді және іздерінді жазып қоямыз деген аяттағы «Іздерді»,- деген сөзді «Қадамдарды»,- деп тәпсірледі. Әнас (р.а.) риуаят етті: «Бәни Саламалықтар өз жерлерін тастап, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жақынырақ жерге көшіп келмекші болды.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мединенің босап қалуын қаламай: «Іздеріңізді (қадамдарынды) есептеп жүрмеймісіздер?»,- деп айтты. (яғни, мешітке қанша ұзақ жол жүріп келсеңіз, сонша сауап болады деген мағынада).

Мұжаһид: «Іздеріңізді дегенді «Жерде жаяу қадам басып келу»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz