24 Тамыз 2026, Дүйсенбі 11 Рабиғ әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 03:30
Күн 05:10
Екінті 17:13
Шам 19:23
Құптан 21:02

Намаз уақытында және қасиетті жерлерде жалаңаш болудың мәкрүһтігі

Намаз уақытында және қасиетті жерлерде жалаңаш болудың мәкрүһтігі

Жабир ибн Абдулла (р.а.) осы хадисті риуаят етті:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құрайыш тайпасымен бірге Қағбаны жөндеу кезінде тас тасысып жатқан болатын. Үстінде изары бар еді. Сол кезде туыстас ағасы Аббас: «Ей, бауырымның баласы, изарыңды шешіп, тастың астынан өткізіп, иығыңа іліп алғаныңда дұрыс болар еді»,- деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) изарын шешіп, оның айтқанындай иығына іліп алды. Бірақ әлі кетіп, әлсіреп жығылып түсті. Содан кейін ешуақытта жалаңаш жүргенін ешкім көрген емес».

материал «Сахих әл-Бұхаридың хадистер жинағы» кітабынан алынды,

ummet.kz