13 Қазан 2026, Сейсенбі 2 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 05:03
Бесін 12:06
Екінті 15:40
Шам 17:31
Құптан 18:57

Намаздан кейін жәннатты сұрау үшін қай дұғаны оқу керек?

Намаздан кейін жәннатты сұрау үшін қай дұғаны оқу керек?

Сұрақ: Намаздан кейін жәннатты сұрау және тозақтан қорғану үшін қай дұғаны оқу керек?


Жауап: Бір хадис шәрифте былай делінген: «Намазды бітірген адам ешнәрсе айтпай “Аллаһумма әжирни минәннар уә әдхилнил жәннәтә” демесе, періштелер “ Обал болсын бұған, тозақтан қорғануды сұраудан мақрұм қалды”, жәннат та “Обал болсын бұған, жәннатты сұраудан мақрұм қалды” дейді.» (Табарани)

Дұғаның мағынасы: «Я, Раббым, тозақтан сақта, жәннатқа кіргіз» деген сөз. Бұл дұғаны намаздан, тәспілерден кейін дұға еткен кезде оқуға болады.

материал «Намаздан кейінгі дұғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz