08 Қазан 2026, Бейсенбі 27 Рабиғ әс-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:21
Бесін 12:07
Екінті 15:49
Шам 17:42
Құптан 19:08

Намаздың ішінде қай амалдарды ұмытқанда сәһу сәждесі уәжіп?

Намаздың ішінде қай амалдарды ұмытқанда сәһу сәждесі уәжіп?

Мына 14 әрекеттің бірін ұмытса, сәһу жасау уәжіп.

Олар:


1. Әуелгі екі ракағатта «Фатиханы» оқымаса;
2. Алғашқы екі ракағатта қосымша сүре оқымаса;
3. Екінші ракағаттан кейін отырыс жасамаса;
4. Отырыста ташаһһут оқымаса;
5. Алғашқы отырыста салауат оқыса;
6. Алғашқы отырыста сәлем беріп қойса;
7. Қырағатты дауыстап оқитын намазды дауыстап оқымаса;
8. Қырағатты іштей оқитын намазды дауыстап оқыса;
9. Үтір намазында «Құныт» дұғасын оқымаса;
10. Қырағаттың алдында рүкүғке барып қойса;
11. Екі рет рүкүғ жасаса;
12. Үш рет сәжде жасаса;
13. Соңғы отырыста қиямға тұрып кетсе;
14. Ташаһудтен кейін қай ракағат екенін ойлап, сәлем беруді кешіктірсе  сәһу сәждесін жасау уәжіп болады.

материал «Ғибадат исламия» кітабынан алынды,

ummet.kz