10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Жария оқылатын намаздардың іштен оқылуы

Жария оқылатын намаздардың іштен оқылуы

Әйел заты жария оқылатын намаздарды іштен оқиды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Тәсбих – ерлер үшін, шапалақтау – әйелдер үшін»,- деген (Сахих әл-Бұхари,Китаб әл-ъамал фиссоля, 208-бет. Дар ибн Хазм).

Әйелдердің даусы ерлердің көңілін аудартатындықтан тыйым салынған. Ханафи мәзхабының ғұламасы Бәдруддин әл-Айни ол туралы былай дейді: «Намазда әйел адамның дауыстап таспих айтуы мәкруһ. Себебі ол ерлердің көңілін аудартып фитна (бүлік) тудырады. Сол себепті әйелдерге азан шақыру, имамдық ету,намазда дауысын шығарып сүрелерді оқуға тиым салынған» (Ъумдат әл-Қори шарх сахих әл-Бұхари, 7-том, 407-бет. Дар әл-кутуб әл-илъмия).

материал «Нәзік жанның намазы» кітабынан алынды,

ummet.kz