18 Қараша 2026, Сәрсенбі 9 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:30
Бесін 12:04
Екінті 14:40
Шам 16:28
Құптан 18:00

Ілімді үйренуден ұялу дұрыс па?

Ілімді үйренуден ұялу дұрыс па?

Мужаһид айтқан: «Ұялған кісі ілімді ала алмайды.Ұялған кісі мен өркөкірек адам ілім алмайды. Айша анамыз (р.а.) айтқан: «Әйелдердің жақсысы - Ансарий әйелдер, өйткені оларға дінді терең түсініп үйренулері үшін ұят кедергі бола алмады»,- деді.


Үмму Сәлама (р.а.) айтты: «Үмму Сүләйм Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына келіп: «Я Расулулла, Алла Тағала ақиқатты айтудан ұялмайды (Сол себепті, мен де ұялмаспын). Егерде әйел адам жүніп болып қалса, оған ғұсыл құйыну уәжіп бола ма?»,- деп сұрады. Сонда

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрине, егерде судың шыққаның көрсе, уәжіп болады»,- деді. Бұны естіген Үмму Сәлама бетін жауып (ұялғанынан): «Я Расулулла, әйелде де ихтилам бола ма?»,- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрине болады, әйтпесе баласы анасына қалай ұқсайды?!»,- деді.

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Ағаштардың ішінде жапырағы түспейтін бір ағаш бар, шындығында, ол мұсылманға ұқсайды. Ал енді айтыңдаршы, ол қандай ағаш?»,- деп сұрады. Адамдар шөл жерлерде өсетін ағаштарды естеріне түсіре бастады. Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) айтты: «Бұл құрма ағашы болса керек деген ойыма келді, бірақ айтуға ұялдым»,- деді. Сонда адамдар: «Я Расулулла, өзіңіз айтып беріңіз»,- десті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ол - құрма ағашы»,- деді. Мен көңілімдегі баяғы ойымды атам Омарға айттым.

Сонда атам Омар: «Сонда айтқаныңда ғой, маған пәлен-түген істер нәсіп болып, жақсы болар еді»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz