18 Қараша 2026, Сәрсенбі 9 Жумад ас-сәни 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 07:30
Бесін 12:04
Екінті 14:40
Шам 16:28
Құптан 18:00

Көркем мінездің шыңы – өзгелердің қателігін байқамай өткізе білу

Көркем мінездің шыңы – өзгелердің қателігін байқамай өткізе білу

Алла Тағала ерлі-зайыптыларды жұптастырғаннан кейін араларына махаббат пен мейірім сезімін салды. Тек қана махаббатпен немесе тек қана мейіріммен өмір сүретін отбасы болмайды.


Махаббат арагідік әлсірейді, күшейеді, бірақ, бір-біріне пенде ретінде, Құдайға құл ретінде, саған «аманат» деп тапсырып, жауапкершілікті мойнына жүктеген оның ата-анасына құрмет есебінде, балаларыңа үлгі болу үшін немесе болашақта менің қызыма күйеу балам да осындай жақсы қарым-қатынас жасасасын деген ниетпен әйеліңе мейіріміңді төгіп жақсы қарым-қатынас жасауға тура келеді. Иә, кейде әйелі күйеуіне ұнамсыз болып қалуы мүмкін. Бұл әйелін сұлулық, дін, мінез-құлық, білім, түсінік жағынан өзгелермен салыстырудан пайда болып жатады. Кейде бағынбауы немесе қателіктерінің себеп болмауы да мүмкін. Қайырлысы – шыдамдылық таныту.

Бұлай дейтініміз Құранда: «...Сондай-ақ олармен құпталғанға сай (жақсы) қарым-қатынас жасаңдар. Егер оларды жақтырмасаңдар (сабыр сақтаңдар), – сендерге бір нәрсе ұнамауы мүмкін, ал Алла сол нәрседен қайыр (игілік) жасап қоюы мүмкін» деген аят бар. («Ниса» сүресі, 19-аят). Ғалымдар бұл аятты сабырлық екі дүние бақытына жеткізуі немесе арадағы баладан бір қайыр болуы мүмкін деп тәпсірлейді.

Асылында, «көркем мінездің шыңы – өзгелердің елеп-ескеруге тұрмайтын қателік-кемшілігін байқамай өткізе білу» деген екен ғалымдар. Әйеліңнің, ата-анаңның, балаңның ұсақ-түйек тұстарын байқамай өткізіп жібере алсаң, сен шынында көркем мінезденсің. Ұсақ-түйекке мән беретін адам оны күрделі мәселеге айналдырып алады.

материал «Отбасы брошюрасы» кітабынан алынды,

ummet.kz