26 Қазан 2026, Дүйсенбі 15 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:51
Бесін 12:03
Екінті 15:15
Шам 17:05
Құптан 18:32

Имамға ұйып намаз оқып жатқан адам қашан сәжде қылады?

Имамға ұйып намаз оқып жатқан адам қашан сәжде қылады?

Әнас (р.а.) айтты: «Имам сәжде қылса, сәжде қыл!»,- деді.


Абдулла ибн Язид (р.а.) айтты: «Бұл хадисті маған Барра айтып берген болатын, ол ешқашан жалған сөйлемейді»,- деді. «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Самиғаллаһу лиман хамидаһ»,- деп сәждеге бармағанынша, ешқайсымыз сәждеге бармайтынбыз, ол кісі сәждеге барғаннан кейін ғана біз сәжде қылатын едік»,- деді.

Әбу Хурайра (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Араларыңызда кім имамнан бұрын басын сәждеден көтерсе, оның басын Алла Тағала есектің басына айналдырып жіберуінен немесе көрінісін есектің түріне ұқсатып қоюынан қорықпайды ма?»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды, 

 ummet.kz