Жәбир ибн Абдулла (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Алла тағала маған бұрынғы Пайғамбарлардың бірде-біреуіне бермеген бес түрлі қасиет берді.
1) Бір айлық жерде тұрғанымның өзінде дұшпандарымның жүрегіне қорқыныш салып, оларды қатты қобалжытамын.
2) Бүтін жер жүзі маған жайнамаз етіп берілді. Үмбетіме намаз уақыты қай жерде келсе, сол жерде намаз оқи берсін!.
3) Соғыста алынған олжа маған халал етілді.
4) Барша Пайғамбар тек өз қауымына ғана Пайғамбар етіп жіберілді. Ал, мен барша адамзат баласына Пайғамбар болып жіберілдім.
5) Маған тағы да шапағат ету мүмкіндігі де берілді»,- деді.
материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,
ummet.kz