Абдулла ибн Сағд (р.а) айтты:
Мен Алла елшісінен (с.ғ.с) Үйде оқылған және мешітте оқылған намаз туралы сұрадым. Алла елшісі: «Мені үйім мешітке қандай жақын екенін білесің. Мен парыз намаздан басқа нәпіл намаздарды үйде оқығанды жақсы көремін» (Сунани ибн Мажа, 1378).
Нәпіл намазды үйде оқығанның бір сыры үйде оқу риядан сақтайды. Жалпы нәпіл намаз жасырын оқылуы керек. Үйде оқығанның пайдасы көп:
* Үйге береке кіреді,
* Шайтан қашады,
* Отбасына үлгі-өнеге болады.
Алла елшісі (с.ғ.с) «Үйлеріңде намаз оқыңдар, қабірге айналдырмандар» деп айтқан. Бұл нәпіл намаздарға қатысты хадис. Ал парыз намаздарды мешітте оқыған абзал. Себебі Алланың парыз еткен амалдарын сүйікті мекенінде оқу да сүйкімдірек болады. Одан кейін жамағат намазының сауабы жеке оқылған намаздың сауабынан жиырма жеті есе артық болады.
Нәпіл намазды адамдардан алшақ орындасаң Раббыңмен шынайы сырласасың. Алла баршамызды риядан сақтасын...
материал «Алла (с.ғ.с) елшісін көргім келеді» кітабынан алынды,
ummet.kz