Пайғамбарымызды (с.ғ.с) қуантқың келсе, не істер едің?
Біреу:
«Қолымдағы барымды құрбан етер едім», – дейді.
Екіншісі:
«Жанымды құрбан етер едім», – дейді.
Үшіншісі:
«Көп салауат айтар едім», – дейді.
Ал сен күллі дүниеңді бермей-ақ, жаныңды қимай-ақ, өте көп салауат айтпай -ақ, Пайғамбарымызды (с.ғ.с) қуанта аласың.
Саған қиянат жасағанды кешір.
Саған ауыр сөз айтқанды кешір.
Саған иттік жасағанды да кешір.
Оларға ықыласпен екі дүние жақсылығын тіле.
Өйткені кешірім – Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ұлықтаған көркем мінез.
Кейде ең үлкен құрбандық – дүниеңнен айырылу емес, өзіңе жасалған қиянатты жүрегіңнен босатып, кешіре білу.
Зұлымдықты кешіру.
Жүректен реніштерді азат ету.
Адамзатқа шартсыз махаббат қою.
Осы сенің Пайғамбарымызға (с.ғ.с) жасай алатын ең ұлы сыйың болып есептеледі.
материал Аслан Орақбайдың жазбасынан алынды,
ummet.kz