15 Қазан 2026, Бейсенбі 4 Джумада әл-әууәл 1448 һ.
Намаз уақыты
Күн 06:32
Бесін 12:05
Екінті 15:36
Шам 17:27
Құптан 18:53

Тақуалық киімі – ең хайырлы киім

Тақуалық киімі – ең хайырлы киім

Раббымыз бізге әуретімізді жабатын әрі сұлулық беретін киімді нығмет етіп бергенін хабарлады. Алайда тақуалық киімі бұлардың бәрінен қайырлы екенін де ескертіп өтті.


Алла Тағала «Ағраф» сүресінің 26-аятында: «Уа, адамның үрім-бұтағы! Сендерге әбірлеріңді жабатын лыпа һәм кигенде өздеріңді көрікті ететін киім түсірдік. Алайда біле білсеңдер, ең қайырлы киім – тақуалық киімі (кәдімгі киім әбірлерің мен тәндеріңді қалай жапса, тақуалық киімі сендердің рухани әбірлеріңді солай жауып, Алла алдындағы дәрежелеріңді арттырады). Міне, мұның бәрі – Алланың айқын дәлелдері һәм уахи еткен аяттары. Оларды адамдар ойланып-толғансын, ғибрат алсын деп түсірді», – деді.

Осы аятты оқи келе, Алла Тағала Адам ұрпағына олардың әуреттерін жабатын киім жібергенін, әрі олар сонымен сәнденіп, көріктенетінін түсіндіргенін байқадық. Бұл – сыртқы, денені жауып, әуретті қорғауға арналған киім. Бірақ Алла бізге жүрек пен жанның әуретін жабатын рухани киім бар екенін де хабарлады. Ол – тақуалық киімі.

Рухани киім – сыртқы киімнен де қайырлы. Тақуалық киімі – адамға дінін, мінезін, Жаратушысымен байланысын сақтап тұратын қорған. Ол құлды Раббысына жақындатады, оны игі амалдар жасауға жетелейді, күнәлардан алыстатады.

материал «Саф жүрек» кітабынан алынды, 

ummet.kz