10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Whatsapp желісі арқылы амандасқан адамның сәлеміне жауап беру уәжіп пе?

Whatsapp желісі арқылы амандасқан адамның сәлеміне жауап беру уәжіп пе?

– «Әссәләмуғалейкум» деп амандасқан адамға жауап қайтару уәжіп пе, парыз ба?  Әр жерде әр түрлі үкім айтылады. Біздің Ханафи мәзхабы бойынша негізге алынатын үкім қандай? 

– Амандасқан адамға жауап беру жалғыз адам үшін – уәжіп, ал, көпшілік үшін – парыз кифая, яғни, берілген сәлемге жамағат ішінен бір адам жауап айтса, қалғандарынан міндет түседі.

– Қазір технология заманы. Электронды поштамен немесе whatsapp секілді интернет желісі арқылы бір-бірімізбен хат-хабар алысамыз. Интернет желілері арқылы жолданған амандасуға жауап қайтарудың үкімі, сөзбен айтылғандағыдай ма (уәжіп пе)?  

– Whatsapp арқылы болсын, электронды пошта арқылы болсын дәл сізге айтылған «сәлемге» жазбаша түрде немесе ауызша түрде (естімесе де) жауап қайыру - уәжіп.   

– Тікелей чат арқылы біреуге «әссәләмуғалейкум» десең, кейбір кісілер «уағ.ас.» деп қысқа қайырып жатады. Осы дұрыс па?

– Берілген сәлемге толықтай жауап беру ләзім. «Уағ.ас.» деп қысқа қайыра салу дұрыс емес. Өйткені Құран Кәрімде: «Біреу сендерге сәлем берсе, оған онан әрмен жақсы сәлеммен жауап қатыңдар немесе өзінің айтқанын қайта айтыңдар. Алла Тағала барлық нәрсені есепке алып отырады», - делінген[1].

 

[1] Ниса сүресі, 86 аят.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz