10 Шілде 2026, Жұма 25 Мұхаррам 1448 һ.
Намаз уақыты
Таң 02:15
Күн 04:06
Екінті 17:57
Шам 20:33
Құптан 22:24

Жаңа бір зат сатып алғанда қандай дұға айтса болады?

Жаңа бір зат сатып алғанда қандай дұға айтса болады?

Жаңа бір зат сатып алған кезде былай деп айтса болады: 

«Әлхамдулилләһи аля ниамиһи күллиһә мә алимнә минһә уә мә ләм наъләм.

Мағынасы: «Алланың барлық нығметтеріне шүкірлер болсын: біз білетін нығметтері үшін де, біз білмейтін нығметтері үшін де».

Бұнымен қатар Алла елшісі (с.а.у.) жаңа киім кигенде былай деп айтатын: «Аллаһуммә ләкәл хамд. Әнтә кәсәутәниһи. Әс’әлүкә мин хойриһи уә хойри мә суниъа ләһ. Уә әғузу бикә мин шәрриһи уә шәрри мә суниъа ләһ».  

Мағынасы: Аллаһым, саған мадақ айтып, шүкір етемін. Оны маған Сен кигіздің. Оны мен үшін хайырлы етуіңді және не үшін жасалған болса, сол нәрсенің хайырын беруіңді сұраймын. Сондай-ақ, оның жамандығынан және не үшін жасалған болса, сол нәрсенің жамандығынан сенен пана тілеймін»[1].  

Пайғамбарымыздың бұл дұғасын әр зат алғанда айта беруге болады.Тек басындағы «әнтә кәсәутәниһи» (они маған кигізген Сен) деген жеріне, «әнтә аътойтәниһи» (оны маған берген Сен) деген абзал.

[1] Әбу дәуід: Сүнән - №4023 хадис.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz